Жан анашым.
Асыл анам жүрегімнің төріндесің,
Әрдайым қымбаттысың білемісің.
Жүрегімде мәңгілік өшпес із боп,
Аялап алақанда жүремісің.
Жырларымды тек өзіңе жырладым,
Әлемнің бар жақсысын арнадым.
Аңсағанда қасыңа бара алмадым,
Сағыныштан ем дауа таба алмадым.
Жүрегіңіз көл дария кең еді,
Қандай ана бір сізге тең келеді.
Бұл өмірде дарасың ғой , дарасың,
Мен үшін сен панасың да ,данасың.
Бас иемін өзіңізге мәңгілік,
Өмір бойы жырлап өтем ән қылып,
Қандай ақын жырламаған анасын,
Қандай ана жақтырмаған баласын.
Жүрегімнің төріндесің әрқашан ,
Мақтанышпен қарайлайды нұрлы аспан.
Алыста боп сағынғанда өзіңді,
Тек менен ұйқы кетіп маза қашқан.
...................
Өзімнен бе өзгеден бе білмедім
Не болғанын өзімде мен сезбедім.
Жас болсамда артымда ой қалдырып,
Жан сырымды өзек етіп тербедім.
Күлкі қылма мазақ етіп сен мені,
Адамсың ғой сенде пенде еңселі.
Көтер басыңды жүрегімде от жансын
Өзіңді жеп босқа түсірме еңсеңді.
Түзу ұста кеудеңді ,сындырма енді сағыңды,
Бір күндері жандырар Алла сенің бағыңды.
Қайта жүзші сен әлі теңіздесің
Өмір – теңіз, сен – кеме білемісің.
Сен де адамсың орны бар бұл өмірде ,
Қонақ екен әр пенде бұл күнде де.
Қайта оралып өткенге келермісің,
Мақсатыңа бір күні жетермісің.
Махамбетке арнау.
Өлеңіңді оқығанда от жалындай жанамын,
Шабыт келіп сусындап тоқтай алмай барамын.
Махамбетім ер жүрексің мен үшін сен дарасың
Көк аспанның жұлдызындай жарқырайсың жанасың
Батыр болып әр жүректе оттай болып қаласың
Мен үшін сен бәрінен де , бәріненеде
Жақсылыққа ұмтыл , ниет тіле Алладан,
Әр күн сайын ойланам да толғанам.
Адамдар бар ұяты жоқ мына өмірде,
Сыйы жоқ адамдықтан мүлде қалған.
Неге заман өзгереді, өзгереді адамдар?
Сұрамайды сырғып барады бұл жылдар.
Әр адамның жүрегінде бір сыр бар,
Орындалсын ниет, тілек армандар.
Адамдар неге әлсіз, жүрек неге жылайды?
Зұлымдық пен қастандық жамандықты құрайды.
Мына қатал сұм тағдыр адамдарды сынайды,
Менің ылғи жүрегім осы жауапты сұрайды.
Салт-дәстүрлер
Берік ұстап салт пенен дәстүрді
Әр жиында дастарханда бас құрды.
Жасасын біздің осы қонақжай ел
Дәріптеп әрқашанда жөн- жоралғыны.
Қастерле де , қадірлей біл салтыңды,
Қонақ келсе ұсын оған төріңді.
Төге білгін әр адамға нұрыңды,
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрметтеп,
Иман жүзді болып өсіп жастары
Аман болсын әрқашанда бастары.
Мұқағали әні.
Мұқағали әнімен ер жетемін,
Әнінің бәрі жұмбақ сыр шертетін.
Оның әнін тыңдасаң жайланады көңілің,
Оның мәнін айта алсам жайланады өмірім.
Мұқағали - жыр поэзия иесі,
Сөздерімен жарасқандай киесі.
Әнін тыңда егер оны білмесең
Сонда ұғарсың сыр барын сен елесең
..........
Қызарып қылтанақты қырларыда,
Тоймайсың тарихына сырларына.
Қазақтың жазиралы кең даласын
Жазбаған жырламаған ақын барма?
Күнім жоқ туған жерді ойламаған,
Оның әсем көркіне бойламаған.
Ұлан байтақ қазақтың даласында,
Кім бар екен қуанышты тойламаған.
Ыстықсың маған қымбатсың асыл қазынам,
Ақындықты үйрендім кең даланың сазынан.
Қуана бер, Отаным ,көркейе бер,
Әрқашанда бақыт күтіп тұр алдан.
...................
Жыр жазамын жүрекпен,
Бәрін жүрек қабылдаған бір еткен.
Қалам ұшта өзгелерге айтарым,
Білім алмай жүрме босқа сен тектен.
Жүрегім бір сезімге толады,
Жаман айтсаң бірте-бірте солады.
Көңіліме қаяу түссе білмеймін,
Ақ параққа оқиғалар толады.
Жыр жазамын қалам ұштап параққа,
Ойларым бөлінеді шар тарапқа.
Өмір деген қиыры жоқ теңіз екен,
Жүзе білсем қайғы –мұңдар кетер ме екен.
Жыр жазамын жүрек пенен жүрекке,
Қалам пенен ақ парақ маған енді тіректе.
Жыр жазамын жаза берем әліде,
Жақсылыққа ұмтылыңдар бәріңде .
Менің досым қалам менен ақ парақ,
Қалма оған бостан босқа таңырқап.
Өтіп жатыр меніңде бұл өмірім,
Айна көлдей бұлақтай бір сарқырап.
Ой толғау.
Қара түнек қара аспанда,
Таң құшағын ашқанда,
Тұтқиылдан жау шапқанда,
Көмекке біреу барма екен.
Жүректен от жанады,
Құстар қайтып барады.
Ата- баба жеріне
Бір қастандық болады.
Бала демей, қыз демей,
Жау етектен алады.
Мал жандарын сыпырып,
Әйелдерін жылатып,
Ерлерін тағы құлдыққа
Балаларын қалдырып
Зар жылатып барады.
Кеуде де от, көзде жалын
Білмейді ешкім қайда барын.
Ана қалды зар жылап,
Бала қалды жас бұлап,
Қарғыс заман болғанда
Күнде жылға толғанда
Тәуелсіздік алыпты.
Біздің елде қалыпты,
Қазір не боп барады,
Зұлымдық қас толады
Қазақтар мен қазақтар
Өз жандарын азаптар,
Бір- біріне қастық қып
Өлтіріп бір тынады.
Ой толады әр күнде
Қашан тыныштық болады,
Күтемін мен әр түнде,
Тұрмыс салтты сақтайық,
Бейбіт ел біз болайық
Өсек пенен қастандық жанға дауа болмайды.
Айдап салу басқындық,
Жүрекке ем толмайды.
Еріншектік, жалқаулық
Саған пана болмайды.